Ресеймен арадағы сауда көлемі 6,6%-ға артты
Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда көлемі 6,6 пайызға артты. Бұл жайында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров, Ресей Федерациясының сала басшысы Оксана Лутпен кездесуінде белгілі болды. Тараптар агроөнеркәсіптік кешендегі ынтымақтастықты талқылады. Кездесуде сауданы кеңейту, экспортты ұлғайту, транзит, ветеринариялық және фитосанитариялық бақылау, эпизоотиялық жағдай, вакцина жеткізу мәселелері қаралды. Сонымен қатар, аграрлық ғылым, білім, селекция және тұқым шаруашылығы бағыттарындағы әріптестікті дамыту, бірлескен зерттеулер жүргізу және инновация енгізу жоспарлары талқыланды. Тараптар шегірткеге қарсы күресте бірлескен шараларды жалғастырып, агродрондар арқылы мониторинг жүргізуге уағдаласты.
Айдарбек Сапаров, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:
Қазір Қазақстан мен Ресей арасындағы ықпалдастық шаралар жоспарлы түрде жүзеге асып жатыр. Мәселен, ғылыми-техникалық даму және сыртқы сауда бағыттары бойынша бірқатар құжаттарға қол қойылды. Электрондық фитосанитариялық ілеспе құжаттар алмасу бағытында ақпараттық жүйелер толық біріктіріліп Россельхознадзордың «Меркурий» жүйесімен өзара іс-қимыл жолға қойылды.Оксана Лут, Ресей Федерациясының ауыл шаруашылығы министрі:
Өткен жылы екіжақты тауар айналым расымен айтарлықтай өсті. Енді өзара сауда саласын одан әрі дамыту қажет. Әсіресе, қазақстандық өнім экспортын Ресей нарығына көптеп шығару жолын қарастырайық. Бүгін осы келісімдерді пысықтап алсақ деймін.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы