Түркістандық тұрмыстық қалдықты табыс көзіне айналдырды
Түркістан облысы Ақсу ауылының тұрғыны тұрмыстық қалдықты кәдеге жаратып, бүтін бір ауданның экологиялық ахуалын жақсартуға септігін тигізді.
Владислав Голярко Ғаламдық экологиялық қордың шағын грантын тиімді пайдаланып, қоқысты бөлек жинайды. Жұртшылық есік алдына орнатылған арнайы контейнерлерге пластик, шыны мен қағазды сұрыптап салғаны үшін ақша алады. Кәсіпкер жиналған қоқысты өлшеп, келсіне 120 теңгеге дейін қаржы төлейді. Ал тиелген қоқысты өз цехында тазартып, пресстеп өңдеуші зауыттарға өткізеді.
Владислав Голярко, кәсіпкер:
Кг әртүрлі, картон 40 теңге, пластик 80 теңгеден бастап 120 теңгеге дейін. Зауытқа екі есе қымбатқа өткіземіз. Адамдарда да кішкене мотивация болады, өйткені олар қоқысқа төлемейді. Керісінше біз оларға төлейміз. Тек бөлек жинап беріңіздер.Сайрам ауданында бүгінде 100-ге тарта арнайы контейнер орнатылып, 1000-нан астам абонентпен келісімшарт жасалған. Жүйенің дамуына мектептер де белсенді атсалысып отыр. 12 адам еңбек ететін өндірістік цехта жылына 500 тоннадан астам тұрмыстық қалдық өңдеуге жіберіледі. Аудан тұрғындары да бұл тиімді жобаны қолдап, оның кеңеюіне өз үлесін қосуда.
Мөлдір Бақытжанова, Сайрам ауданының тұрғыны:
Біз жинап қоямыз, бұлар келіп кг жинап алып кетеді. Ол бір 4-5 мың теңге болса да бізге пайда. Мусор боп жатқанша, ол мусорды дамыған мемлекеттер сияқты перерабатывать етіп, екінші рет использовать еткен дұрыс деп ойлаймын.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Әділет» партиясы Алматыдағы жаңа экологиялық бастамаларды қолдады
09.10.2026, 22:15
Әлеуметтік қолдаудың жаңа мүмкіндіктері
09.10.2026, 21:30
Президент Каспий маңы елдерінің ғылыми әлеуетін біріктіруге шақырды
09.10.2026, 20:35
Театр көрермені көбейіп келеді
09.10.2026, 20:25
Қос марапат – ұлттық мәдениетті ұлықтаудың жаңа белесі
09.10.2026, 20:20
Орталық Азиядағы алғашқы кітап оқу марафоны
09.10.2026, 20:19
Әр азамат елдік мәселелерді талқылауға үлес қоса алады
09.10.2026, 20:18
Жамбыл облысындағы Билікөл тартылып барады
09.10.2026, 20:16