Шымкентте полиция қызметінде 23 сыбайлас жемқорлық дерегі анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте полиция қызметінде 23 сыбайлас жемқорлық дерегі анықталды

12.03.2025

Шымкентте сыбайлас жемқорлыққа барған полиция қызметкерлеріне қатысты былтыр 23 дерек әшкере болған. Мұндай әрекетті учаскелік инспекторлар, полиция мектебінің қызметкерлері, көші-қон және жол патрульдік қызметі мамандары жасаған. Олар қылмыстық істер бойынша мүдделі тарапқа оң шешім шығарғаны және тәртіп бұзған азаматтарды әкімшілік жазадан босатқаны, қарамағандағы қызметкерлерге айырықша қамқорлық көрсеткені үшін пара алған. Осындай жайттерді азайту және болдырмау мақсатында бүгін арнайы жиын өтті. Кездесуде жемқорлық фактілері туралы және оған қарсы күрес заңнамасындағы жаңашылдықтар туралы айтылды.

Жандос Бекасанов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментінің басқарма басшысы:

Кездесуден бөлек азаматтардың өтінішін сапалы және жедел қарау үшін бірлескен мобильді топ құрылды. Сонымен қатар Ішкі істер министрлігінің мамандандырылған оқу орталығының тыңдаушыларымен тақырыптық сабақ өткізу жоспарланған.

Ғани Қалмаханов


Хабарламаларға жазылу