Министр: Бірыңғай уақыт белдеуінің халық өміріне теріс әсері жоқ
Бүгін Үкімет бірыңғай уақыт белдеуінің ел өміріне әсерінің зерттеу қорытындысын жариялады. Талдауға медицина, нейроғылым, биофизика, генетика, астрофизика және физиология саласының ғалымдары қатысқан. Олар халықтың денсаулығы, энергия тұтыну көлемі мен еңбек өнімділігіне мониторинг жүргізген. Нәтижесінде мәслихат депутаттары уақыт белдеуін емес, жұмыс кестесін ауыстыруды жөн деп тапқан. Қазір Шығыс Қазақстан облысындағы 7 ауданда жұмыс таңғы сағат 8-де басталып, кешкі 5 жарымда аяқталады.
Арман Шаққалиев, ҚР Сауда және интеграция министрі:
Бұл шаралар, азаматтар үшін қолайлы жағдай жасауға сондай-ақ кәсіби және жеке өмір арасындағы теңдікті жақсартуға бағытталған. Қажет болған жағдайда, осындай тәжірибені жергілікті атқарушы органдар басқа өңірлерде де қолдануға мүмкіндігі бар.
Ал Ғылым және жоғары білім министрінің айтуынша, уақыт белдеуінің әсерін зерттеу үшін бюджеттен қаражат бөлінбеді.
Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:
Бұл үш жылға берілетін ұзақ мерзімді грант еді. Бірақ зерттеу жұмыстарын ешкім де үш жыл күтпес еді деп ойлаймын. Сондықтан әртүрлі министрліктегі әріптестермен кеңесіп, қолда бар деректерді жинақтау туралы шешім шығардық. Яғни арнайы ведомствоаралық топ жергілікті тұрғындардың клиникалық, энергетикалық және т.б жеке мәліметтерін біріктіріп, сараптама жүргізді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ресеймен арадағы сауда көлемі 6,6%-ға артты
11.04.2026, 20:23
Волейболдан Қазақстан чемпионатының үздіктері анықталады
11.04.2026, 20:19
Түркістандық тұрмыстық қалдықты табыс көзіне айналдырды
11.04.2026, 20:17
Республикалық ата-аналар форумы өтті
11.04.2026, 20:15
Maqsut Narikbayev University-де жасанды интеллект бойынша тегін «AI Upgrade» курсы іске қосылады
11.04.2026, 20:14
Ғұмырын ғылымға арнаған Қаныш Сәтбаев
11.04.2026, 20:12
Қарағандыда ғылым күніне орай халықаралық конференция өтті
11.04.2026, 20:10
Қазақстан тарихының бесінші томы бекітілді
11.04.2026, 20:09