Шымкентте ғимарат ішінде қалып қойған азаматты құтқарды
Шымкенттік полицейлер жанып жатқан ғимарат ішінен ес-түссіз жатқан азаматты құтқарып қалды. Тәртіп сақшыларының патрульді экипажы бұл оқиғаға кездейсоқ кезікті. Жақын маңдағы автокөлік жуу орнына келген олар дауыстап шақырғанымен, ғимарат ішінен ешкім шыға қоймайды. Полиция қызметкерлері амалсыз ішке бас сұққанда бөлме іші көк түтінге толып кеткен екен. Есік ашылып, ауа кірген сәтте бірден от тұтанған. Осы сәтте тәртіп сақшысы жерде есінен танып жатқан қызметкерді көріп, дереу сыртқа алып шығады. Полиция инспекторлары тұтанған өртті сөндіреді. Ал көк түтінге тұншыққан азаматқа жедел жәрдем шақыртып, дәрігерлерге табыстаған. Кейін белгілі болғаны, от еденге құлаған электр жылыту қондырғысынан тұтанған.
Ғани Қалмахан
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16