Шымкенттегі жол апаттарының 5% мопедтердің кесірінен болады
Шымкент қаласындағы жол апаттарының 5 пайызы мопед иелерінің жол ережесінен сақтамауынан болып отыр. Өйткені көлік еш жерде тіркеуге алынбағандықтан бейнебақылау құралдары оның қозғалысын анықтай алмайды және мопедтерді көбіне куәлігі жоқ жасөспірімдер тізгіндеп жүр. Жазаланбайтынын білген олар бағдаршамның түсіне бағынбай, жол қиылыстарында қауіп тудырады. Былтыр мегаполисте мопед иелеріне қатысты 25 мыңнан астам құқық бұзу деректері тіркелген. Көліктің бұл түрінің нақты саны әлі белгісіз. Бүгінде тек 420 мопед полицияның ресми тіркеуіне алынған. Ал оларды мініп жүру үшін 61 азамат қана жүргізуші куәлігін алған.
Төлеген Боранбаев, қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының инспекторы:
Үгіттеп жатырмыз азаматтарды, 5-ші сәуірге дейін барлық мопед құралдарын тіркеуге. Тіркелмеген жағдайда ҚР әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне сәйкес жауапкершілігі қарастырылады. 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айппұл салынады.
Ғани Қалмаханов
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16