Ақтөбеде «Таза Қазақстан экологиялық форумы өтті
Ақтөбеде «Таза Қазақстан экологиялық форумы өтті. Оған экология саласының сарапшылары, ғалымдар мен жастар ұйымдары және еріктілер қатысты.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шара өңір жастарының экологиялық жауапкершілігін арттыруға бағытталған маңызды қадам болмақ. Қазірге дейін өңірде «Таза Қазақстан» акциясына 418 мың тұрғын қатысты. 2 923 көпқабатты және 100 мыңнан астам тұрғын үйдің айналасы жиналған. Форум аясында «Экологиялық инновациялар» көрмесі де ұйымдастырылды. Онда жаңа эко-аудан 3D модельдері, эко-тұрғын үй кешені және эко-көпір макеттері таныстырылды. Жұртшылықтың қызығушылығын тудырған жобаның бірі – мата қалдықтарын қайта өңдеу жобасы.
Александра Прикалова, жоба авторы:
Қажетсіз, ескі киімдерді пайдалана отырып, жануарларға ыңғайлы әрі экологиялық эко-себет жасауға болады. Бұл себетті жасау үшін бізге не керек? Ең алдымен мата жинаймыз, сұрыптаймыз, тазартамыз. Одан кейін себет тігеміз.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ресейде шетел азаматтарын бақылау күшейеді
24.11.2026, 17:26
Әлеуметтік салаға жаңа серпін
24.11.2026, 17:24
Бала дамуына берілген мүмкіндік
24.11.2026, 17:17
Ел тұрғындары: Заң мен тәртіп азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді
24.11.2026, 17:17
Азаматтық кодекс: Мүлік иелерінің құқығы қорғалады
24.11.2026, 17:15
Экологиядан өндіріске дейін: Жолдау міндеттерін талқылады
24.11.2026, 17:13
Таразда жаңа оқу кешені мен жатақхана ашылды
24.11.2026, 17:12
Таразда алғашқы AI-кеңсе ашылды
24.11.2026, 17:10