Абай облысында қоғамдық орындарды ластағандар 24 млн ₸ айыппұл төледі
Абай облысында жыл басынан бері қоғамдық орындарды ластаған 656 адам бейнебақылау жүйесі арқылы анықталып, оларға 24 миллион теңгеден астам айыппұл салынды. Тәртіп бұзғандардың дені белгіленбеген орындарда шылым шегіп, көше ортасына қоқыс тастаған. Заңға сәйкес мұндай ерсі әрекеттер үшін әкімшілік құқық бұзушылық кодексі бойынша 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады. Қайталаған жағдайда бұл сома екі еселеніп, 73 мың теңге төлейді.
Дәурен Бақыт, жедел басқару орталығының бастығы:
Біз, жедел басқару орталығының қызметкерлері, күнделікті қоғамдық орындарды ластау, темекі тұқылдарын тастау сияқты әрекеттерді күнделікті монитордан бақылап отырамыз. Қазір «Таза Қазақстан» деп ұрандатып жатырмыз. Сондықтан әр адам өзінен бастауы керек. Өзінің тазалығына, қоғамдық тәртіпке көзқарасын өзгертуі керек деп ойлаймын.
Ержан Жақып
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
HackAlem AI қатысушылар саны бойынша әлемдік рекорд орнатты
24.09.2026, 09:43
Шекарадағы өткізу бекеттері жаңартылды
23.09.2026, 20:30
Азия ойындары: Қоржындағы медаль саны 19-ға жетті
23.09.2026, 20:28
Қытайда халықаралық «Жібек жолы» кинофестивалі өтті
23.09.2026, 20:26
Жетісу облысында үш экопарк ел игілігіне берілді
23.09.2026, 20:24
Астанада HackAlem AI хакатоны өтті
23.09.2026, 20:22
Бурабайда тау туризмі дамып келеді
23.09.2026, 20:20
Елордада бірыңғай дизайн-код бекітілді
23.09.2026, 20:18