Таразда шаруалар қант зауытынан қызылша қабылдауды талап етті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таразда шаруалар қант зауытынан қызылша қабылдауды талап етті

24.02.2025

Жамбылдық дихандар Тараздағы қант зауытын қайта ашып, қызылша өнімін қабылдауды талап етті. Шаруалар «Тараз қант зауыты» серіктестігінің 3 жылдан бері тәтті түбір қабылдамайтынына наразы.

Олар биыл да өнімдерін өткізе алмай, әуреге түскісі жоқ. Өйткені былтыр балтамырды Меркідегі бір ғана зауыт қабылдады. Ал қалғанын Жетісуға жеткізіп, Қырғызстанға да тасымалдаған. Әкімдік биыл дихандарға 300 мың тоннаға аз өнім алу керектігін айтқан. Бұған шамданған шаруалар зауыт ашылса, көлем қықсармайды, дейді. Сондықтан биыл серіктестіктен 100 мың тонна қабылдауды сұрайды. 

Нәби Сұлтанбаев, шаруа қожалық басшысы:

Көбісі қазір қызылша егуден бас тартуы мүмкін. Басқа дақылға ауысып кетуі мүмкін. 18 айдың ішінде 30% төлеп қойған жабдықтарыңыз түгел келетін болса, 2026 жылы қосылатын болса, мына шаруалар екпейтін болса, сізде шикізат болмайды. Бұл 2026 жылды қамтамасыз ету үшін 2025 жылға сіздің көмегіңіз керек. Не істей аламыз?   

Ал бразилиялық қант құрағын ғана қабылдайтын зауыт өз бағытынан айнығысы жоқ. Олар қызылшаны тек келесі жылдан бастап алуға ниетті. Кәсіпорынға жаңғырту жүргізіп жатқандықтан, әзірге шаруалар талабын орындай алмаймыз деп кесіп айтты. Айта кетейік, былтыр өңірдегі 450 шаруа 640 мың тонна қызылша жинады.

Қанат Әлиев, «Тараз қант зауыты» ЖШС бақылау кеңесінің мүшесі: 

Қант зауыты қызылшаны 2026 жылы ашқанға әрекет етіп жатырмыз. Биыл неге ашылмайды? Өйткені техникалық тұрғыда бұл мүмкін емес. Үлгермейміз. Қызылша қабылдау схемасын қалпына келтіру үшін кем дегенде 15 млн доллардың төңірегінде қаржы кетеді. 

Данияр Әлімқұл


Хабарламаларға жазылу