Жамбыл облысында оқушылар лимон өсіре бастады
Жамбыл облысында лимон өсіре бастады. Аймақтың агро саласында бұған дейін болмаған тың кәсіпті дамытуға меркілік мектеп оқушылары кірісіп кетті. Сыпатай батыр ауылындағы 16 білім ұясының балалары былтыр жылыжайға лимон ағашын отырғызған. Қазір онда азиялық цитрустың 15 түбі жайқалып тұр. Жыл басында түйін салған. Енді 5 айда жеуге жарап қалады. Дарақтар былтыр да жеміс салған. Алдағы 3 жылда бір түп лимон ағашы 50 келіге дейін өнім бермек. Оқушылар жемістің бұл түрі -4 градус суыққа төзімді дейді. Сондықтан көктем мен күз аралығында далада өсіруге ден қоймақ. Қазір олар 102 шаршы метр жылыжайда лимоннан бөлек, құлпынай, мен павловния көшеттерін өсірген.
Жәния Манапалы, 11-сынып оқушысы:
Осы лимонды қазіргі таңда шетелден экспорттаймыз. Сондықтан біз өзіміздің ауылды лимон шаруашылығы ретінде болашақта жандандырғымыз келеді. Себебі осы арқылы біз шетелге тәуелді болмаймыз. Ол жақтан қымбатқа келеді. 2-3 жыл сайын тұқымдарын алып отырамыз. Себебі жыл сайын жақсы тұқым беру үшін керек.
Данияр Әлімқұл
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Тұрғындар ауылдың айналасын жасыл желекпен көмкерді
21.04.2026, 20:55
Қазақ елі Мұхтар Шахановты ақтық сапарға шығарып салды
21.04.2026, 20:53
Мемлекет басшысы Тәжікстан президентімен кездесті
21.04.2026, 20:39
Күніне орта есеппен 113 адамды ит қабады
21.04.2026, 20:19
Субсидияға қолы жетпеген 600 омарташының 200-і кәсібін тастап кеткен
21.04.2026, 20:10
Экологиялық саммит ғылым мен бизнесті біріктіреді
21.04.2026, 20:05
Исламабадта АҚШ - Иран келіссөздеріне дайындық жүріп жатыр
21.04.2026, 20:05
Келесі жылы ҰБТ-ға балама енгізіледі
21.04.2026, 20:05