Азиадада биатлоннан алтын медаль алған Владислав Киреев спортқа 12 жасында келген
Шымкенттегі қысқы спорт түрлері мектебінің ұжымы бүгін қысқы Азия ойындарында фристайл-акробатикадан алтын медаль иеленген Шерзод Хаширбаевтың ерлігін тарихи жеңіс, деп бағалайды. Шерзод - Шымкенттегі №8-қысқы спорт түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде 2012 жылдан бері жаттығып келеді.
Айгүл Исабаева, қалалық №8 қысқы спорт түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі директорының орынбасары:
Шерзодтың қайсарлығы, табандылығы, алға қойған мақсаты - бүгінгі жеңісінің дәлелі. Мұның алдында Бейжің Олипиадасына лицензия алып бергенде шеберлігін дәлелдеген болатын. Бүгінгі күн Шерзодтқа сенген үміттердің ақталған күні болды деп есептейміз.
Теміртаулық Владиславтің алтыны Қарағанды облысы үшін биатлоннан Халықаралық деңгейдегі бірінші жүлде болмақ. Мұны спортшының алғашқы әрі жеке бапкері Раис Хайрутдинов атап өтті.
Раис Хайрутдинов, В.Киреевтің жеке бапкері:
Владислав спортқа 12 жасында келді. Үздіксіз еңбектің арқасында, міне, үлкен дәрежеге жетіп отыр. Енді арғы күні эстафеталық сында бақ сынайды. Одан кейін бірден Швейцарияда өтетін Әлем чемпионатына аттанады. Жол уақытына қарамай, сәтті өнер көрсетуге тырысамыз.
Ғани Қалмахан
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16