Премьер-Министр қосшы қаласының бас жоспарымен танысты
Қосшы қаласындағы жаңа көпсалалы облыстық аурухана келесі жылы қолданысқа берілмек. Бұл туралы Премьер-министрдің Ақмола облысына жасаған жұмыс сапары аясында белгілі болды. Медициналық нысанның құрылысы былтыр қыркүйек айында басталған. Жобаға 28 млрд теңге қаржы құйылды.
Олжас Бектенов қаланың бас жоспарымен танысып, өңірдегі осы және өзге де әлеуметтік инфрақұрылым құру бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың барысын тексерді. Қазір, қалада 59 мыңға жуық адам тұрады. Болжам бойынша, халық саны 2038 жылға қарай 3 есеге дейін өседі. Сондықтан жаңа жоба аумақты кеңейтіп, инженерлік және көлік инфрақұрылымын жаңғыртуды көздейді.
Азамат Қапышев, Қосшы қаласының әкімі:
Бастапқыда инженерлік желілер 30 мың тұрғынға есептелген, бірақ 2021 жылы қала мәртебесін алғаннан кейін қала құрылысы шешімдерін қайта қарау қажеттілігі туындады. Бүгінде көппәтерлі тұрғын үйлердің құрылысына 360 гектар, жеке тұрғын үй құрылысына 900 гектардан астам жер телімі бөлінген. 2038 жылға дейін 31 балабақша, 16 жалпы орта мектеп, облыстық аурухана және 7 емхана салу жоспарланып отыр.
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы