Алматыда Мұхтар Әуезовтің 120 жылдығына орай халықаралық ғылыми симпозиум басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Мұхтар Әуезовтің 120 жылдығына орай халықаралық ғылыми симпозиум басталды

28.09.2017

Тұтқалы жиынның алғашқы күнінде әлемнің әр қиырынан келген әдебиетшілер мен ғалымдар баяндама оқып, қазақ әдебиетінің өткен өнегесі мен кемел келешегін сөз етті. Олардың айтуынша, Абайдың әлемге танылуына Мұхтар Әуезовтің сіңірген еңбегі зор. Сондай-ақ, түркі әлемі де Абай мұрасына Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясы арқылы терең бойлады. Сондықтан, қаламгердің еңбектері әлі де зерттеле бермек.

Қазір заңғар жазушының шығармалары туралы зерттеулер елу томнан асқан. Бұл елімізді рухани түлетіп, қазақ көркем сөз өнерінің алтын дәуірін мәңгілік мұраға айналдырды.

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу