Бакуде Абай орталығы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бакуде Абай орталығы ашылды

03.02.2020

Әзербайжан астанасы- Бакуде Абай орталығы ашылды. Осыған орай, Халықаралық түркі академиясы арнайы кітап көрмесін ұйымдастырып, 50-ден астам басылымды орталыққа тарту етті. Сондай-ақ Әзербайжан Ғылым академиясы Низами атындағы әдебиет институтының ғылыми қызметкері Туран Теймурдың «Мұхтар Әуезовтың «Абай» романынының көркемдік мәселелері» атты монографиясының тұсауы кесілді. Бұл-Мұхтар Әуезовтің шығармашылығына арналған әзербайжан тіліндегі алғашқы ғылыми еңбек. Алдағы уақытта ұлы ақын туындылары мен Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясын түркі тілдеріне аударып, басып шығару жоспарда бар. Сонымен қатар, Халықаралық Түркі академиясы Ғылыми кеңесінің кезекті III отырысында кеңеске мүше мемлекеттер Тоныкөк ескерткішінің 1300 жылдығын, әл-Фарабидің 1150 жылдығын, Maнас дастанының 1025 жылдығы секілді халықаралық маңызы бар күндерді Түркі әлемінің айтулы даталары қатарына бекітті.   

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу