Бүгін Назарбаев Университетінің студенттері Мұхтар Әуезовтің 120 жылдығына орай мәдени шара өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Назарбаев Университетінің студенттері Мұхтар Әуезовтің 120 жылдығына орай мәдени шара өткізді

03.11.2017

«Мәңгілік елдің рухани байрағы - Мұхтар Әуезов». Бүгін Назарбаев Университетінің студенттері мен ұжымы осындай атаумен мәдени шара өткізді.

 

Сұхбат-кездесу форматындағы шара жазушының 120 жылдығына орайластырылған. Оған жазушының ұлы  Мұрат Әуезов бастаған әуезовтанушылар мен ұлт зиялылары қатысты.

 

Студенттер Абылай ханнан бастап қазірге дейінгі тарихи тұлғалардың  нақыл сөздерінен көрініс көрсетсе, Мырзатай Жолдасбеков пен Мекемтас Мырзахметов бастаған зиялылар ұлы жазушы туралы естеліктер айтты.

 

Мұрат Әуезов, Мұхтар Әуезов атындағы қордың президенті:

Халықаралық ұйымдардың шешімі бойынша 120 жылдық аталатын жасқа жатпайды. 125 жылдық жақсылап ұйымдастырылады. Ал, дамыған қоғам екенінің дәлелі - 120 жылдықтың өзі өте жақсы өтіп жатқаны.

Хабарламаларға жазылу