Абай образы қуыршақ бейнесінде тұңғыш рет сахналанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Абай образы қуыршақ бейнесінде тұңғыш рет сахналанды

18.12.2019

Алматыда ұлы ақынның 175 жылдығына орай мемлекеттік қуыршақ театры «Мен бір жұмбақ адаммын... Абай» атты қойылым көрсетті.

Спектакль көпшілікке фантасмагория жанрында ұсынылды. Онда әлеуметтік, қоғамдық мәселелер ақынның қара сөздері мен Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романындағы эпизодтар желісі бойынша түрлі детальдар арқылы қуыршақтарды ойнатты. 16 жастан асқан көрермендерге арналған қойылым «Кемеңгердің ой-толғамдарын кеңінен дәріптеуге бағытталған», – дейді актерлер.

Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ   


Хабарламаларға жазылу