Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына орай республикалық деңгейдегі шаралар жалғасып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына орай республикалық деңгейдегі шаралар жалғасып жатыр

06.10.2022

Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына орай республикалық деңгейдегі шаралар жалғасып жатыр. Бүгін Семейде «Сөз құдыреті» атты көркем сөз оқу шеберлерінің байқауы өтті.

Еліміздің әр түкпірінен жиналған 20 жас талант Әуезов шығармаларын жатқа мәнерлеп оқудан сайысқа түсті. Олар жыл бойы іріктеуден өткен кіл мықтылар. Байқау шартына сай, қатысушылар кемеңгердің жиырмадан астам туындысын нақышына келтіре, көркем тілмен жеткізіп, шеберліктерін байқатты. Қазақ халқын әлемге танытқан сөз зергерінің мұрасын көпшілікке насихаттау - бүгінгі ұрпақтың еншісінде дейді ұйымдастырушылар.

Аяна Кәдірбаева, байқауға қатысушы:

Бұл байқауға қатысқанда менде үлкен толқыныс болды. Республикалық байқау болғандықтан, өте үлкен дәрежеде дайындалдым. Жалпы дайындығыма бір ай уақыт кетті. Күні-түні Мұхтар Әуезовтің 20 шығармасын жаттап, осы бүгінгі сайыста айтып бердім.

Ержан Жақып

Хабарламаларға жазылу