Шымкенттегі ескі доңғалақтарды өңдеу кәсіпорны 50 адамды жұмыспен қамтыған
Шымкентте «Экошина» кәсіпорны «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын іске асырып келе жатқан бірегей өндіріс орны. Осыдан 15 жыл бұрын құрылған зауыт қалдықсыз технология бойынша жұмыс істейді. Өндіріс автокөліктердің ескі доңғалақтарын қайта өңдеп, одан ойын алаңдары, жүгіру және веложолдарға арналған резина төсеніштер шығарады. Жылына 6 мың тоннаға дейін қоқысқа тасталған доңғалақты сұрыптап залалсыздандырады. Қазір, кәсіпорында 50 адам жұмыс істейді. Үкіметтің қолдауы арқасында биыл зауыт 500 миллион теңге қайтарым үстемақысы төмен несие алды. Оған жаңа қондырғылар алып, өнімін еселендірмек.
Бауыржан Байкенжеев, кәсіпорын құрылтайшысы:
Соңғы әкелген қондырғымыз 2 есе үлкен өнім шығаратын көлемі және сапасы одан да жақсы болады. Енді резинаның майда ұнтақтарынан регенерат шығарамыз. Бұл енді каучуктың орнына жүретін нәрсе. Одан ары резина істеп, одан дайын өнім шығарамыз.
Ғани Қалмахан
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16