«AMANAT» партиясының ұйытқы болуымен бүгін Шымкентте кезекті рет тазалық акциясы өтті. Саяси ұйым белсенділері мен «Жастар рухы» жастар қанатының өкілдері атсалысқан экологиялық шарада «Шымсити» шағын ауданындағы көпқабатты үйлердің ауласы қоқыстан тазартылды. Ағаштың қураған бұтақтарын бұтап, қыс кезінде себілген инертті материалдар сыпырып жиналды. Жалпы партияның бастамасымен өтіп жатқан «Таза бейсенбі» акциясына, бір жыл ішінде 3 жарым мыңнан астам азамат қатысқан. Олардың көмегімен 40 тоннадан астам қоқыс жиналды.
Есімхан Бертаев, «AMANAT» партиясы Қаратау аудандық филиалының атқарушы хатшысы:
Барлығы тазалықтан басталады. Тазалық бар жерде жұмыс та болады, тәртіп те болады, мәдениет те болады. Сондықтан әркім өзі өмір сүріп отқан айналасын таза ұстаса әрі жастарға да тәрбиелік мәні өте үлкен зор.
Ғани Қалмаханов
