Жайыққа 4 есе мол су түсіп жатыр
Батыс Қазақстан облысындағы Жайық өзеніне жылдағыдан 4 есе мол су түсіп жатыр. Синоптиктер өңірде биыл да су тасқыны қауіпі сақталады деп болжады. Қазір өңірдегі басты өзеннің деңгейі - 154 см-ге жетіп тұр. Ресейдегі Иреклі су қоймасынан секундына 60 текше метр су ойысуда. Бұл көрсеткіш бұған дейін 15 текше метр еді. Қазір су басу қаупі бар аумақтарда ұзындығы 100 шақырым болатын 54 қорғаныс бөгеті соғылды. Тасқынға түрлі саладан 4 мың адам мен 2 мыңдай техника жұмылдырылады. Трансшекаралық өзендердің жағдайы туралы ресейлік мамандармен ақпарат алмасу жолға қойылған.
Айбек Ғадылжанов, облыстық Төтенше жағдайлар департаменті басқармасының инженері:
Тұрғындарды уақытша орналастыру үшін сыйымдылығы 32 мың адамға арналған 317 пункт, сонымен қатар малдың қауіпсіздігі үшін 195 орын анықталды. Су тасқыны кезеңіне дайындық жалғасуда және ерекше бақылауда. Жалпы, жағдай тұрақты.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азиада: Ұлттық құрама жалпыкомандалық есепте 9-орында тұр
01.10.2026, 20:30
Спортшылар Азия ойындарынан жүлдемен оралды
01.10.2026, 20:30
NVIDIA Қазақстандағы AI инфрақұрылымын дамытуға қатысады
01.10.2026, 20:29
Әнші Sadraddin-нің концертіне 70 мың көрермен жиналды
01.10.2026, 20:29
Түркістан облысында қарияларға арналған 21 орталық жұмыс істеп тұр
01.10.2026, 20:28
Президент General Atlantic компаниясының төрағасымен кездесті
01.10.2026, 20:25
Президент БАӘ делегациясын қабылдады
01.10.2026, 20:23
Президент AI & Digital Bridge 2026 форумында сөз сөйледі
01.10.2026, 20:09