ОҚО-да «Менің Қазақстаным» атты Шәмші әндерінің фестивалі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ОҚО-да «Менің Қазақстаным» атты Шәмші әндерінің фестивалі өтті

19.09.2017

Жылдағы дәcтүр бойынша Оңтүстік Қазақстан облысында «Менің Қазақстаным» деп аталатын Шәмші әндерінің фестивалі өтті. Қазақтың дәстүрлі әндерін орындайтын жас таланттарды іріктеу мен Шәмші шығармашылығын насихаттауды мақсат тұтқан өнер сайысы осымен 25-ші  ұйымдастырылып отыр. Байқауға бұған дейін жергілікті жерлерде өткізілген іріктеу сындарынан сүрінбей өткен 26 әнші қатысты. Шарт бойынша олар алғашқы кезеңде Шәмшінің бір шығармасын, одан кейін патриоттық тақырыпта тағы бір ән шырқады. Жалпы, жыл сайын өтетін байқау әр жолы жаңа есімдерді дүниеге әкеледі. Ең бастысы еліне ән бұлақтан нәр берген ұлы сазгердің мәңгі ұмытылмас мұрасы талай жүректерді тербеп, исі қазақтың рухын тағы бір асқақтатты. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаз деп танылған өнерпаздар әрі қарай республикалық деңгейде өтетін өнер додасына жолдама алды.

 

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу