Шәмшінің туған күніне орай бірқатар мәдени шаралар өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шәмшінің туған күніне орай бірқатар мәдени шаралар өтті

15.08.2020

Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдығына орай еліміздің түкпір-түкпірінде түрлі шаралар ұйымдастырылып жатыр. Шымкентте Шәмші Қалдаяқовтың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды. Алматыдағы Абай атындағы опера және балет театры көрермендерге «Құшақ жайған қандай адам» атты онлайн концерт ұсынса, дәл қазір Астана балет театрының ютуб арнасында «Ұлы дала мұрасы» кеші өтіп жатыр. Ал «Қазақ музыкасының алтын дауысы» Бибігүл Төлегенова «Менің Қазақстаным» атты жаңа челлендж бастады.  

Оңғар Алпысбай

Хабарламаларға жазылу