Үкімет басшысы министрлер мен әкімдерге тапсырмалар жүктеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкімет басшысы министрлер мен әкімдерге тапсырмалар жүктеді

29.01.2025

Ескі бюрократиялық жұмыс әдістерін, формализмді қолдана отырып, жаңа жағдайларда оң нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес. Осылай деген премьер Олжас Бектенов министрлер мен әкімдерге жедел шешімдер қабылдауды тапсырды. Бүгін үкімет үйінде Президенттің кешегі кеңейтілген жиында айтылған тапсырмаларын орындау бойынша кеңес өтті. Премьер-министр алдағы уақыттағы жұмыстың басты бағыты азаматтардың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған экономиканың өсуін қамтамасыз ету екенін атап өтті. Мәселен инвестицияларды тарту, салық-бюджет саясатын және жер қойнауын пайдалану саласын реформалау бойынша белсенді жұмыс істеуді тапсырды. Инвесторлардың нақты мәселелерін шешумен айналысып, зауыттар мен өндірістер салуына көмектесу керек. Әрбір басшы мұны өз жұмысының басты қағидаты деп білуі тиіс деді үкімет басшысы. 

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу