Қызылорда облысындағы «Киберпол» басқармасы 151 қылмысты ашқан
Қызылорда облысында жасанды интеллект көмегімен 151 қылмыс ашылған. Былтыр өңірде интернет-алаяқтарды тұзаққа түсіретін «кибер полиция» құрылымы жұмысын бастап, бүгінде оң нәтижесін беруде.
Әлеуметтік желі арқылы жасалатын қылмыстар күн санап көбейіп барады. Өткен жылы 749 іс қозғалып, мыңнан аса ұялы телефон номері тексерілген. Полиция ІТ технологиялардың көмегімен азаматтарды алдап-арбап ақшасын қолды еткен 62 қылмыскерді қолға түсірді. Облыстық прокуратураның бастамасымен полиция Департаментінен «Киберпол» басқармасы ашылды. Жасанды интеллект арқылы жұмыс істейтін құрылым арнайы бағдарламаларды әрі қарай дамытып жатыр.
Ерлан Алмаханов, қала прокурорының орынбасары:
Жалпы ІТ тергеу жобасының мақсаты – күдікті адамдарды тез және жылдам анықтау. Бұл өте қазір құқық қорғау органдарына тиімділігін көрсетті. Соған байланысты прокуратура органдарының қызметкерлері, барлық қала ауданнан бір-бір тергеу саласына жауап беретін қызметкері осыны үйрету сабақтары өтті.
Әділбек Серікұлы
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Инвестициялық қауіпсіздік деңгейі бойынша Қазақстан 150 мемлекеттің ішінде 53-орынға көтерілді
23.07.2026, 09:14
Цифрлық мүмкіндік пен спорттық шеберлік тоғысқан дода
22.07.2026, 20:32
Олимпиада-2028: Билеттердің ресми сатылымы басталды
22.07.2026, 20:30
Жетісу облысында шаруалар қысқы мал азығын қамдап жатыр
22.07.2026, 20:24
Маңғыстауда Шетпе теміржол вокзалы бастан-аяқ жөнделіп, қайта ашылды
22.07.2026, 20:24
Астанада «4739» деректі фильмінің премьерасы өтті
22.07.2026, 20:23
110 гектар алқапқа апорт көшеттері әзірленіп жатыр
22.07.2026, 20:21
Шымкентте мағыналы муралдар көбейіп келеді
22.07.2026, 20:16