«Қаңтар оқиғасы» ісі бойынша 44 адамға үкім шықты
Алматыда атышулы Қаңтар оқиғасы ісі бойынша сот 44 адамға үкім кесті. «Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиев 20 жылға сотталды. Ал оған көмек көрсетті деп айыпталған экс-депутат Қайрат Құдайберген 8 жылын темір торда өткізетін болды. Тағы бірнеше айыпталушының кінәсі дәледенбеді. Алматылық әріптесім Қуан Нұрақын тікелей эфирге қосылды. Қуан, қайырлы күн! Сотталушыларға қандай айып тағылды?
Қуан Нұрақын, тілші:
Арман Жұмагелдиев «Қаңтар» оқиғасы кезінде жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды және оған қатысқаны үшін айыпты деп танылды. Тергеу деректеріне сәйкес, ол көшеде кездейсоқ кездескен 20-дан аса адамды ұрлап, оларды заңсыз ұстап, бостандығын шектеген.
Ал, Қайрат Құдайбергенге жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды және А.Жұмагелдиевке белсене көмек көрсетті деген айыптар тағылды. Сот материалдарына сүйенсек, мәслихаттың экс-депутаты наразылық танытушыларды топтарға бөліп, ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекеттеріне қатысуға шақырған.
Осы іс бойынша тағы бір айыпталушы, Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 5-басқарманың бұрынғы басшысы Руслан Ысқақов. Ол Жұмагелдиевтің қылмыстық тобына қолдау көрсетті деп айыпталды. Тергеу материалдары бойынша, Ысқақов «Дикий Арманға» Алматыдағы алаңға адамдарды жинауды ұйымдастыруды тапсырған.
Айта кетейік, істі Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты қарады. Сот процесі жабық режимде өтті. Негізгі сот тыңдаулары 2023 жылдың қазан айында басталған еді. Осы уақыт аралығында 44 айыпталушының 25-і тергеу изоляторында, қалғандары - үйқамақта болды.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16