Қызылорда облысында ұлттық бағдарлама аясында 4 жайлы мектеп ашылды. Заманауи білім ошағының бірі Жаңақорған ауданы Жаңарық ауылында. Аймақта білім беру нысандарынан өзге, шығармашылық орталықтар салынып, ауыл балаларының жан-жақты дамуына мүмкіндік туды.
Ауыл балалары армандаған жайлы мектеп
Аядай елдімекенде оқушылар қазір мектепке барғанша асығады. Мұнда әр сабақ смарт тақтамен қызықты өтеді. Ал еңбекке баулу сабағында қыздар тігін тігіп үйренсе, ұлдар ұсталықты меңгеруде. Сондай-ақ, балалар бос уақытында зәулім спорт залда волейбол ойнап, аудандық жарыстарда ауыл намысын қорғап жүр.
Минура Ғафурқызы оқушы:
Барлық оқушылар осы жайлы мектеп бізге бұйырғанына өте қуаныштымыз. Заманауи құрылғылармен жабдықталған. Және әр сыныпта смарт тақталар бар. Бұрынғы мектебімізде ондай жеткіліксіз болатын.
Балалардың шығармашылық көкжиегі кеңеюде
Ал аудан орталығында оқушылар сарайы мен өнер мектебі есігін айқара ашты. Бір ғимаратта орналасқан шығармашылық орталығында мыңнан аса тәрбиеленуші бар. Әсіресе, білімпаз жастардың ІТ, рбототехникаға қызығушылығы жоғары. Ал өнерлі өрендер ұлттық музыкалық аспаптарды меңгеріп, тәжірибелі мамандардан тәлім алуда.
Тоқболат Жолдыбай, аудандық оқушылар үйінің директоры:
Мүмкіндіктер көп. Алдағы уақытта инженерлік-техникалық бағыттағы үйірмелерді ашсақ па дейміз. Түрлі спорттық бағыттағы үйірмелерді ашсақ па дейміз. Жас эколог үйірмесі ашылды. Жақында би үйірмесін аштық.
Руханият орталығы іске қосылды
Шиелі кентінде Руханият орталығы жұмысын бастады. Осы кезге дейін ескі нысандарда орналсқан аудандық кітапхана, мұражай және мұрағат мекемелері жыл басында заман талабына сай ғимартқа көшті. Енді өлкенің тарихынан сыр шертетін құнды жәдігерлері мен ресми құжаттарын сақтауға толық мүмкіндік бар.
Ерболат Дүйсенбаев аудандық архив бөлімінің басшысы:
Бүгінгі таңда құжаттарды мекемелерден толығымен қабылдауға мүмкіндігіміз өте зор. Алдағы уақытта келешекте 30-40 жылға дейін мекемеде құжат сақтауға дайынбыз. Бүгінгі таңда 40 пайызы құжаттарды сандық форматқа көшіргенбіз.
Мұнан бөлек, аудандық ардагерлер мен аналар кеңесі, жастар орталығы бір шаңырақ астында орналаспақ. Бұл ұрпақ сабақтастығының көрінісі дейді мамандар.
Әділбек Серікұлы