Алматыда алты мыңдай пәтер беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда алты мыңдай пәтер беріледі

20.01.2025

Биыл Алматыда мемлекеттік бағдарламалар бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға 6 мыңға жуық пәтер беріледі. Былтыр 5 500-ге жуық отбасы баспаналы болған. Сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан кезекпен үй алғандар енді жылжымайтын мүлкін жекешелендіре алады. Яғни пәтер құнының 10%-ын төлеп, қалған сомасын 15 жылға бөліп төлемек.

Тағы бір жаңалық, биыл «Алматы жастары» бағдарламасына бөлінетін қаржы көлемі 25-тен 30 млрд теңгеге өсті. Оның 26 млрд-ы жергілікті бюджеттен, қалғаны «Отбасы банктен» беріледі. Осы «Отбасы банк» арқылы мемлекеттік бағдарламалар бойынша кезекте тұрған азаматтарға тұрғын үй сертификат ұсынылады. Алғашқы жарнаны төлеу үшін берілетін соманың көлемі – 1,5 млн теңге. Жеңілдік көпбалалы отбасыларға, жетім балаларға, І-ІІ топтағы мүгедектер мен мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасыларға қарастырылған.

Рита Нұрбекқызы, қалалық тұрғын үй – коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының бөлім басшысы:

Тұрғын үй сертификатын алатын азаматтар бұрын сол «Шаңырақ» пен «Бақытты отбасы» бойынша қатысқандар ғана алатын. «Отбасы банк» арқылы «Наурыз» бағдарламасына қатысқандар алғашқы жарнасын алуға мүмкіндіктері бар. Осы 4 санат бойынша тұрғын үй сертификатын көмек ретінде.

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу