Жамбылда «Ардагерлер» аллеясы тазартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбылда «Ардагерлер» аллеясы тазартылды

18.01.2025

Жамбылдағы «Amanat» партиясының өкілдері «Таза бейсенбі» акциясы аясында тазалық жұмыстарын белсенді жүргізіп жатыр. Олар былтырдан бері өзендер мен су арналарын тазартуға жиі шығып жүр.

Өйткені өңірде бұған дейін болған су тапшылығы кезінде арналардың біразы бітеліп қалған. Бұл жолы белсенділер тарихи, мәдени орындарды тазартты. Аса ауылындағы «Ардагерлер» аллеясының қураған шөбін шауып, тұрмыстық қалдықтарды шығарды. Бүгінге дейін ауқымды акцияға партияның 10 мыңнан астам мүшесі қатысқан.

Талап Әбдібеков, «Amanat» партиясы жамбыл аудандық филиалының төрағасы:

Қоғамда тазалық этикасын, тәрбиесін нығайту жұмыстарын жасау болатын. Енді ауданымызда біраз жұмыстар атқарылды. Нысандарды, көптеген демалыс орындарын тазалау жұмыстарын жасадық.

Данияр Әлімқұл


Хабарламаларға жазылу