Мектептердегі ас мәзірі өзгертілуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мектептердегі ас мәзірі өзгертілуі мүмкін

17.01.2025

Енді мектеп асханаларында майға қуырылған бәліштер, тәтті сусындар мүлде болмайды. Денсаулық сақтау министрлігі мектептердегі тамақтану мәзірі өзгеретінін хабарлады. Құжат 29 қаңтарға дейін «Ашық» порталында көпшілік талқылауында болады. Онда балаларды сапалы, әрі қауіпсіз тамақпен қамтамасыз ететін заманауи халықаралық талаптар ескерілмек. Жаңа мәзірде тұз, қант және майды тұтыну азаяды. Өйткені аталған өнімдерді шамадан тыс пайдалану - семіздік, қант диабеті, жүрек-қан тамырлары, онкология сынды аурулардың пайда болуына себеп болады. Есесіне денсаулыққа пайдалы жемістер мен көкөністер молынан пайдаланылмақ. Ал ауруханалардың тамақтану мәзірінде еш өзгеріс болмайды, дейді министрлік өкілдері.

Гүлшарат Қожатова, ҚР ДСМ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басқарма басшысы:

Балалардың дұрыс тамақтануына көп көңіл бөлініп отыр. Көптеген дүниежүзілік талаптарды ескердік. ДДСҰ ұйғарымдарын ескердік. Қант диабеті сияқты аурулар көбейіп, қазір балалардың арасында да көбейіп жатыр. Сондықтан біз  шара қолдануымыз керек.

Динара Жарқынбек

Хабарламаларға жазылу