Қазақстанда биыл 11 шетелдік университеттің филиалы ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда биыл 11 шетелдік университеттің филиалы ашылады

17.01.2025

Өзге мемлекеттерде тұратын қандастарымыз үшін жағымды жаңалық. Енді олар Қазақстанда ашылып жатқан шетелдік университеттердің филиалдарында тегін білім ала алады. Ол үшін арнайы бағдарлама іске қосылмақ. Сондай-ақ биыл елде шетелдің тағы 11 университетінің кампусы ашылады. Олардың арасында әйгілі Оксфорд оқу орны да бар. Бұл елдегі білім жүйесіне қандай өзгеріс әкеледі? Филиалдарда оқу тегін бе? Тілшіміз Нұрсұлтан Тілектес тарқатып айтады.

Биыл елімізде шетелдің 11 жетекші университетінің филиалдары мен кампустары ашылады. Олардың арасында Ұлыбританияның Кардифф университеті, Queen's University Belfast, Венгрияның Деберцен және әйгілі Оксфорд сынды Гонконк, Германия елдерінің жоғары оқу орындары бар. Олар медицина, жасанды интеллект, энергетика салары бойынша мамандар даярлайды.

Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:

Үш негізгі мақсат ол - Қазақстанды үлкен академиялық хаб ретінде қалыптастыру. Биылдың өзінде 31 500 шетелдік студент Қазақстанға келді. Екінші үлкен мақсат ол -  біздің өңірлік университеттерімізді осы серіктестіктерді қолданып, шетелдік зерттеуші мықты университеттерге айналдыру. Үшінші мақсат ол – ғылымды дамыту.

Айта кетейік, бүгінгі таңда елімізде Ұлыбритания, Қытай, Ресей, АҚШ, Италия, Франция және Оңтүстік Кореяның 23 университетінің филиалы мыңдаған студентке 34 мамандық бойынша білім беріп жатыр. Оған қоса білім саласы дамыған мемлекеттерден білікті мамандар мен профессорлар келіп, жергілікті оқу орындарында дәріс беріп жүр.

Адреа Дзуккало, Италиядан келген профессор:

Мен СҚО-дағы Аризона университетінде «Биотехнология» саласы бойынша сабақ беремін. Қазақстан бұл бағытқа, жалпы ғылымды дамытуға үлкен көңіл бөліп жатыр. Мен бұған дейін көптеген елдердің оқу орындарында дәріс бердім. Өз тәжірибеме сүйене отырып, қазақстандық студенттердің болашағы жарқын деп айтқым келеді.

Макс Айрих, қазақ-неміс тұрақты инженерия институтының директоры, профессор:

Біздің институт ашылғанына көп бола қойған жоқ. Десе де, бүгінде 120-дан астам студентке энергетика, мехатроника және қоршаған ортаны қорғау сынды бағаттар бойынша білім алып жатыр. Біз студенттер санын көбейтуді көздейміз. Былтырдың өзінде Германия интитутқа жарты млн АҚШ доллары көлемінде инвестиция құйды.

Қазақстан да қалыс қалып жатқан жоқ. Бүгінде көрші мемлекеттерде еліміздің 5 ірі жоғары оқу орнының филиалдары ашылды. Шетелдік сарапшылардың айтуынша, Қазақстанның шын мәнінде жақын болашақта халықаралық академиялық хабқа айналуға толықтай мүмкіндігі бар.

Титус Огайо Окака, Ақтөбедегі Heriot-Watt university өкілі:

Қазақстанда білім беру, ғылым саласы өте қарқынды дамып келеді. Мәселен, мұнда Орталық Азия елдерінен, Үндістаннан, Пәкістаннан және Ресейден студенттер келіп, білім алып жатыр. Алдағы жылдары олардың саны еселене түсетініне күмәнім жоқ.

Айта кету керек, Қазақстандағы шетел унивеситеттерінің филиалдары биыл студенттерге 2000-нан астам грант ұсынып отыр. Ал қазақстандықтар олырдың басым бөлігінде тегін білім ала алады. Сондай-ақ, өзге елде тұратын қандастырымызда да ақысыз оқу мүмкіндігіне ие болады.

Нұрсұлтан Тілектес, тілші:

Қазақстанда шетелдік университеттердің филиалдарын ашу елдегі білім спасы жақсартып қана қоймай, экономикалық жағынан пайда табудың тиімді жолы. Мәселен, елімізде жұмыс істеп тұрған 23 шетелдік жоғары оқу орнының бесеуі салаға 100 млн АҚШ долары көлемінде инвестиция құйған.

Нұрсұлтан Тілектес

Хабарламаларға жазылу