Диқандар мемлекеттен көмек күтеді
Еілімізде бірқатар өңірлер қыс ортасында аязбен алысып жатса, Түркістан облысының диқандары жер жыртып, сор шаю жұмыстарын бастап кетті. Десе де Жетісай ауданының шаруалары биыл мақта егуге дауаламай отыр. Себебі ақ алтынды өсіруге кеткен шығын да, маңдай тер де былтыр ақтамалмады дейді диқандар. Айнұр Әбілқасымқызы тарқатады.
Жетісайлық шаруа Досанәлі Қалжановтың 11 гектар егістік жері бар. Жылда жеріне мақта егетін ол биыл 4 гектарын ауылдастарына жалға бермек. Себебі соңғы жылдары ақ алтын өсіргенмен шығын ақтамай қалды деп отыр. Салдарынан балалары басқа жаққа жұмыс іздеп кеткен. Қазір жердің сорын шаруа жалғыз өзі шайып жатыр.
Досанәлі Қалжанов, шаруа:
Жылдан жылға артқа кетіп жатырмыз. Мысалы былтыр 220-250-дей болып еді. Ал биыл 200 деді да оған да қолы жетпей, 190 қылып әйтеуір майдалап майдалап бірдеңке қылып жатыр. Бәрі жерін тастап кетіп жатыр сөздің шыны. Қазір ауылға барсаңыз оншақты үй сатылады. Өйткені бәрі кетіп жатыр. Мына жерден пайда болмағаннан кейін не қылады ол.
Жерден пайда таппадық деген жұрт Жетісай ауданында күннен күнге көбейіп барады. Жергілікті шаруалар былтыр көкөністен де көк тиын түспеді деп ашынады.
Бақтыбай тәшкенбаев, шаруа:
Мақта егеміз, ол мақтамыздың бағасы болмайды. Не мақтаға субсидия бермейді. Не суымыз жетпейді. Таласып тармасып жылына бір ақ рет бір жерлер су ішпейді. Қара халық не істейді.
Уәлихан Еркінбеков, шаруа:
Дарбыз ексек, өткізе алмасақ. қауын-қарбыз өтпей қалды биыл. Бағасы баға болған жоқ. Бала-шағаның барлығы Шымкент, Алматы деп дуана болып кетті. Ауылда таксист, базарда тәшкі, тағы қарауылдық 3 ғана жұмыс бар. Біз бұлай қашанғы жүреміз.
Жер емгендердің базынасын жауаптылар жақсы білгенімен мәселені шешуге қауқарсыз екендерін мойындайды. Өйткені мақта егетіндерге субсидия қаралмаған. Ал көкөніс пен бақша өнімдерін сатуға кедергі көп. Басқа облыстарға саудалағанымен, бағасы шығынды ақтамайды.
Нұртас Тұрсынбеков, Жетісай аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы:
Біз негізі шет мемлекеттерге экспорттаймыз. Қазіргі таңда көршілес республикаларымызда тұрақсыздық болып жатыр. Сол тұрақсыздыққа байланысты біздің өндірген өнімдеріміздің бағасы сол жақтан сұраныс аз болып тұр.
Сондықтан диқандар мемлекеттен көмек күтеді. Шаруаларды қолдауға сусидия бөлініп, жеңілдіктер қарастырылса, еңбек етуден қашпақ емес. Сондай-ақ, бақша өнімдері мен көкөністі өңдейтін орындар ашылса, күзде жинаған өнім далада қалмас еді дейді. Мақтадан мата шығару, фабрика ашу да алдағы уақыттың еншісінде қалып отыр.
Айнұр Әбілқасымқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы