Шымкентте кәсіпкерлерді бопсалаған лауазым иелері жауапқа тартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте кәсіпкерлерді бопсалаған лауазым иелері жауапқа тартылды

15.01.2025

Шымкентте кәсіпкерлердің ісіне әдейі кедергі келтірген лауазым иелері жауапқа тартылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мекемесі қызметкерлерінің тексерісі кезінде Мемлекеттік кірістер Департаментінің 2 қызметкері бизнес өкілдерінің шотын бұғаттап, заңсыз инкасациялық шешімдер шығарған. Олар осындай тәсілмен кәсіпкерлердің 10 миллион 800 мың теңгесін дебиторлық қарыз есебіне қосып, мәжбүрлеп өндірмек болған. Осы іс-әрекеті үшін лауазымды қызметкерлер әкімшілік жазаға тартылып, 12 млн теңгеге жуық айыппұл төлеуге мәжбүр болды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті былтыр осындай 11 істі тергеген. Нәтижесінде қызметін асыра пайдаланғандарға 4 миллион 800 мың теңге айыппұл салынды.

Жандос Бекасанов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма басшысы:

Айыппұлдың ең төменгі мөлшері 100 АЕК, ең жоғары 600 АЕК қарастырылған. Әкімшілік істер қысқартылған тәртіпте қаралып, айыппұл толығымен мемлекетке төленді. Жалпы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басты бағыты -  кез келген құқық бұзушылықты алдын-алу.

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу