Шымкент қаласында 564 сауда орны әлеуметтік маңызы бар азық-түліктерді негізсіз қымбаттатқан. Оңай олжа тапқысы келгендер ұн, тауық еті, нан, күнбағыс майы, құмшекер мен көкөніс бағасына 15 пайыздан астам үстемақы қосқан. Ал 51 теңге тұратын жұмыртқаны 66 теңгеден саудалаған. Сондай-ақ сүт өнімдерін де бірнеше есе қымбатқа сатып келген. Бұл жәйт өңірлік комиссияның кезекті тексерісі кезінде анықталды. Заң талаптарын бұзған сауда орындарының иелері әкімшілік жазаға тартылып, кейбіріне 300 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынды. Азық-түлік бағасын бақылау комиссиясы делдалдықпен айналысқан 292 адамның іс-әрекетін әшкерелеп, бағаға ықпал ету жолдарын кесті.
Жандос Ханиев, Шымкент қалалық Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының бөлім басшысы:
2 мыңнан астам хронометраждық зерттеулер жүргізілді. 564 кәсіпкерлік субъект анықталды. Бұл жерде үй маңындағы сауда орындары, дистрибютерлік желілер бар: 50-60-20% дейін бірқатар бұзушылықтар болған.
Ғани Қалмаханов