Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментіне арнайы техникалар жетіспейді және апат болған жағдайда құтқарушылар дер кезінде жетіп бара алатындай тағы 12 өрт сөндіру бөлімін жасақтау қажет. Бүгін Парламент Мәжілісінің депутаты Ажар Сағындықовамен кездесуде төтенше жағдай қызметкерлері осындай түйткілді сұрақтарды көтерді.
Әзірге бұл проблеманы шешу үшін жергілікті билік тарапынан 10 жер телімі берілген. Оның бесеуінің құрылысы биыл басталады деп жоспарланған. Апаттан құтқару қызметінің жұмысын оңтайландыру мақсатында мегаполисте жедел жәрдем қызметімен бірлескен мобильді топтар жасақталмақ. Төтенше жағдай қызметіне қазір азаматтардан күніне мыңға жуық қоңырау түседі.
Бекзат Қамбаров, қалалық Төтенше жағдайлар департаменті басшысының бірінші орынбасары:
Проблемалық сұрақтарымызды көтердік. Қазіргі таңда 2 өрт сөндіру бөліміміз ескі. Соған күрделі жөндеу мәселесін қарастыру. Однан соң гарнизонымызда 99 техника бар. Норматив бойынша тағы 30-35 техника жетпейді. Сол мәселелер көтерілді.
Ғани Қалмаханов