Қазақстан мен Өзбекстан арасын жалғайтын жаңа теміржол желісі салынып жатыр
Қазақстан мен Өзбекстанның арасын жалғайтын Дарбаза–Мақтаарал жаңа теміржол желісі салынып жатыр. Бұл жоба жүк тасымалына, экспорт көлемін арттыруға мүмкіндік береді. Бүгінде 203 шақырым жолдың 100 шақырымына рельс төселді.
Жаңа теміржол желісі екі мемлекеттің арасын едәуір жақындатады. Жүк тасымалы негізінен Сарыағаш-Ташкент учаскесі арқылы жүргізіліп келсе, алдағы уақытта ол жаңа желіге ауыстырылады. Яғни «Сарыағаш» станциясының жүктемесін азайтады. Өзбекстанға экспорт көлемі артады. Жобаның жалпы құны 286 миллиард теңге. Құрылысқа 50 ге тарта техника мен 70-тен астам адам жұмылдырылған. Жаңа желі 2027 жылы қолданысқа беріледі деп жоспарланған. Сол кезде 500-ден астам тұрақты жұмыс орны ашылады.
Базаргүл Отыншиева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада Astana AI Film Festival (AAIFF 2026) халықаралық кинофестивалі өтіп жатыр
02.10.2026, 12:34
Президент: Трамптың суперинтеллект туралы келісімі жаһандық үлгі болуы мүмкін
02.10.2026, 11:20
Шетелдік басылым Қазақстанның соңғы жылдардағы өзгерісіне назар аударды
02.10.2026, 09:10
Трамп бастамасымен жасалған суперинтеллект туралы келісім жаһандық деңгейде үлгі болуы мүмкін — Тоқаев
02.10.2026, 08:36
Азиада: Ұлттық құрама жалпыкомандалық есепте 9-орында тұр
01.10.2026, 20:30
Спортшылар Азия ойындарынан жүлдемен оралды
01.10.2026, 20:30
NVIDIA Қазақстандағы AI инфрақұрылымын дамытуға қатысады
01.10.2026, 20:29
Әнші Sadraddin-нің концертіне 70 мың көрермен жиналды
01.10.2026, 20:29