Бүгін - Ұлы Абайдың туған күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін - Ұлы Абайдың туған күні

10.08.2017

Бүгін Ұлы Абайдың туған күні. Ал, «Абай жолы» романының жарық көргеніне биыл 75 жыл толды. Айтулы оқиғалар Ұлттық кітапханада аталып өтті. Онда «Бір кітап көрмесі» және «Құлақтан кіріп бойды алар» атты отырыс өтіп, Абайдың шығармашылығы сөз болып,  өлеңдері оқылды. «Абай жолы» эпопеясы ең қиын кезеңдерде жарыққа шыққан. Жас Абайдың бейнесі, ақынның жеке тұлға ретінде қалыптасуы мен өткен ғасырлардағы қазақ даласындағы өмір сүру салты осы кітапта көрініс табады. Сонымен қатар, қазақ халқының еркіндік сүйгіштігі, рухани өмірі мен ұлттық мінезі де сипатталады. Кітап шыққаннан кейін көп ұзамай-ақ 1948-жылы Мемлекеттік сыйлыққа ие болды. Роман әлемнің 116 тіліне аударылған.  Яғни, ««Абай жолы» әр қазақтың үйінен табылу керек», - дейді жиналғандар. 

 

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу