Бүгін – Абай күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін – Абай күні

10.08.2021

Абай күніне орай Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев пен Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов бас қаладағы Абай Құнанбайұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Зиялы қауым өкілдерімен бірге ақынның рухына тағзым етті. Шараға Президент әкімшілігі қызметкерлері, бірқатар министрліктер мен шаһар басшылары, мемлекеттік орган өкілдері қатысты. «Біріңді қазақ бірің дос, Көрмесең, істің бәрі бос» деген ұлы Абайдың өсиетін орындау – бүгінгі ұрпақтың парызы», - дейді мемлекеттік хатшы. Айта кетейік, былтыр Үкімет қаулысымен ұлы ақынның туған күні - 10-тамыз Абай күні болып бекітілген еді.

Қырымбек Көшербаев, ҚР Мемлекеттік хатшысы:
Барды бағалап, жоқты саралап, тәубәмізден жаңылмай, тәуекелден айнымай, тәуелсіздіктің тасын өрге сүйрелеген халқымыздың жасампаз еңбегінің кезінде бізге үлкен рухани тірек ретінде Абай болып отыр.  Біз Алла Тағалаға қазақ халқына осындай ұлы Абайды сыйлаған үшін рахмет айтамыз. 
Несіпбек Айтұлы, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:
Абай жырлары арқылы, Абайдың өсиеті арқылы, Абайдың сөзі арқылы біз бүкіл қоғамды тәрбиелеп отырмыз. Заман өткен сайын, күн өткен сайын Абай сол уақытпен бірге жүреді. Абай - мәңгілік.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу