Абайдың туған күні ел бойынша кең көлемде аталып өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Абайдың туған күні ел бойынша кең көлемде аталып өтіп жатыр

10.08.2023

Абай Құнанбайұлының туған күні ел бойынша кең көлемде аталып өтіп жатыр. Зиялы қауым өкілдері Астанадағы Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, ұлы ақынға құрмет көрсетті.

Мерекелік концертте ұлы ақынның өлеңдері оқылды. Мәдени іс-шара барысында қала тұрғындары мен қонақтар Абайдың шығармашылығымен тереңірнек танысуға мүмкіндік алды. Осыдан 3 жыл бұрын 10 тамыз «Абай күні» деп аталып, мерекелік күнтізбеге енгізілген еді. Айт кетейік, Ақынның 175 жылдық мерейтойында Еуразия ұлттық университеті жанынан Абай академиясы құрылып, Елордада Абай атындағы мектеп ашылды.

Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу