Берел қорғандарында дала амазонкасының жерленгені анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Берел қорғандарында дала амазонкасының жерленгені анықталды

10.08.2017

Оған әйел адамның қаңқасының жанынан табылған қанжар дәлел. Қабірде сонымен қатар, мәйіттің жанында ер-тұрманы бірге жерленген екі аттың сүйегі де бар. Бұл жерде қазба жұмыстары өткен жылдан бері жүргізілуде. Археологтардың айтуынша, әйел ақсүйектер санатынан. Себебі, жануар пішіндес бас киім мен алтын әшекейлердің сынықтары оның жоғары мәртебелі әйел болғандығын айғақтайды.

 

Зарина ҰЛЫҚБЕК

Хабарламаларға жазылу