Қазақстан мен Қытайды жалғайтын 3-ші теміржол салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Қытайды жалғайтын 3-ші теміржол салынады

20.05.2024

«Бір белдеу, бір жол». Қазақстан мен Қытайды жалғайтын 3-ші теміржол салынады. Бүгін Астанада кездескен екі елдің Сыртқы істер министрлері Мұрат Нұртілеу мен Ван И транзит және көлік қатынасы саласындағы ынтымақтастықты дамытудың өзекті тұстарына тоқталды. Олардың айтуынша қазіргідей күрделі гео-экономикалық ахуалда транзиттік және көліктік ынтымақтастықты дамытудың өзектілігі айырықша. Одан қалды сауда-саттық пен алыс-берісті дамыту көзделіп отыр. Мәселен өткен жылы елдер арасындағы сауда айналымы рекордтық көрсеткішке жетіп, 40 млрд АҚШ долларынан асты.

Мұрат Нұртілеу,ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі:
Екі елдің теміржол мен автокөлік бекеттерінің өткізу қабілеттерін арттыру және 3-ші теміржол өткелін салу мәселелерін дәйекті түрде талқыладық. Екіжақты сауда-экономикалық және инвестиция саласындағы барлық қадам халықтарымыздың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған.
 Ван И, ҚХР Мемлекеттік кеңесінің мүшесі – Сыртқы істер министрі:
Сауда-саттық саласын әрі қарай жетілдіре беруді көдейміз. Екі елдің мұнай-газ және атом энергетикасы жөніндегі серіктестігі де қарқынды дамып келеді. Бүгін біз Қытай-Еуропа бағытындағы теміржол саласын бірлесе дамыту жайын талқыладық. 

Сондай-ақ Қытай тарапы елімізде электромобиль өндірісін ашу жайында ұсыныс білдірді. Бұл бастамаға Қазақстан жағынан жан-жақты қолдау көрсетіледі,- деді Мұрат Нұртілеу. Сонымен қатар Сыртқы істер министрі Астанада Бейжің тіл және мәдениет университетінің филиалын ашу туралы жоспарына қолдау білдірді.

Нұрсұлтан Тілектес

Хабарламаларға жазылу