«Алтын адам» Афинада көрсетілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Алтын адам» Афинада көрсетілді

14.11.2019

«Алтын адам» Грекия жұртшылығына таныстырылды. Афинаның археологиялық мұражайында «Ұлы дала мұрасы» атты көрме ашылды.

Еліміздің Мәдениет министрлігі, Ұлттық мұражай мен Қазақстанның Грекиядағы елшілігі шараны «Алтын адамның» әлем музейлеріне шеруі» жобасы аясында ұйымдастырып отыр. Көрмеге Есік бекзадасының алтын киімімен бірге, Алтайдағы Берел қорымының, Сарыарқадағы Талды және Батыс Қазақстандағы Аралтөбе обаларынан табылған теңдессіз археологиялық жәдігерлер қойылды. Сондай-ақ сармат жауынгері мен VII-XX ғасыр аралығында жасалған әшекей бұйымдар да көпшілік назарына ұсынылды. 

Нұрсұлу Қасым

Хабарламаларға жазылу