Шығыстағы археологиялық қазба жұмыстары халықаралық конференцияда талқыланып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыстағы археологиялық қазба жұмыстары халықаралық конференцияда талқыланып жатыр

09.09.2022
Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі». Өскеменде осындай атаумен халықаралық конференция өтіп жатыр. Басқосуда соңғы 3-4 жылда шығыс аймақта жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары қорытындыланады.

Олжас Керейхан, тілші:

Жиын 2010 жылы алғаш рет фестиваль ретінде ұйымдастырылған. Ал 2016 жылдан бері халықаралық конференция ретінде өткізіле бастады. Мақсат – халықаралық ғылыми қауымдастықтың назарын шығыстың археологиялық әлеуметімен таныстыру. Сондай-ақ археологтар Зейнолла Самашев пен Әбдеш Төлеубаевтың жетекшілігімен шығыста жүргізілген іргелі қазба жұмыстары нәтижесінде табылған артефактілерді ғылыми айналымға енгізу. Былтырдан бері бірнеше ауданда зерттеу жұмысы жүргізіліп жатыр. Соның ішінде Тарбағатайдағы «Елеке сазы» мен Қатонқарағайдағы «Берел» қорғандарынан ұлттық тарихымызға қатысты құнды дүниелер табылған. Осы жәдігерлердің негізінде Лондон мен Мәскеуде «Ұлы дала алтыны» деген арнайы көрме өткізілді. Бүгінгі конфернцияда Ұлыбритания, Түркия, Ресейдің ғалымдары қатысып баяндама жасап жатыр.


Хабарламаларға жазылу