Астанада Павлодар және Жамбыл облыстары тауар өндірушілерінің жәрмеңкелері өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Павлодар және Жамбыл облыстары тауар өндірушілерінің жәрмеңкелері өтіп жатыр

24.09.2016
Астанада Павлодар және Жамбыл облыстары тауар өндірушілерінің жәрмеңкелері өтіп жатыр

Бүгін және ертең Астана тұрғындары ауыл шаруашлық жәрмеңкелерінде төмендетілген бағамен азық-түлік өнімдерін сатып ала алады.

Павлодар облысының жәрмеңкесі «Хан шатыр» СОО аумағында, Жамбыл облысының жәрмеңкесі қала әкімдігінің алдындағы алаңда өтіп жатыр. Жәрмеңкеге Астана әкімі Әсет Исекешев те келді.

Павлодар облысының барлық аудандарынан 100-ден аса кәсіпкер 90 тонна ет және ет өнімдері, 300 тонна картоп, 140 тонна көкөніс және т.б. әкелді. Бұдан басқа, ұлттық тағамдар, Ертіс өңірінің халық шығармашылығы мен қолөнер бұйымдары ұсынылады. Елордалықтар Павлодар облыстық филармониясы шығармашылық ұжымдарының концерттік бағдарламасын тамашалайды.

Жамбыл облысынан жәрмеңкеге жалпы сомасы 300 млн теңгені құрайтын 315 тонна өнім әкелінді. Елорда тұрғындары мен қонақтарына сапалы, экологиялық таза және пайдалы өнімнің 30 түрі ұсынылады.

«Қазақстанда жасалған» акция аясында ауыл шаруашылық және өндірістік көрме ұйымдастырылады.

Айта кетейік, 23-25 қыркүйекте елордада Жамбыл облысының ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған мәдениет күндері өтіп жатыр. Бұл күндері астаналықтар өңірдің тарихымен, мәдениетімен және негізгі жетістіктерімен таныса алады.

astana.kz

 

Хабарламаларға жазылу