Оралда 150 орындық оңалту орталығы ашылды
Оралда 150 орындық мүгедектігі бар адамдарды реабилитациялау және оңалту орталығы қолданысқа берілді. Емдеу мекемесін салып, жабдықтауға республикалық қазынадан 7,5 млрд теңге жұмсалған. Орталықта дәрігерлер, арнайы мамандары бар - барлығы 200 қызметкер жұмыс істейді.
Мұнда жүзу емдеу бассейні, стоматология, монтессори, массаж, сенсорлық бөлме, еңбек терапиясы, спорт залы және басқа да кабинеттер емдік және педагогикалық қызмет көрсетеді. Бұрын тұрғындар мұндай арнайы ем алу үшін Астана, Алматы қалаларына баратын. Орталықта тірек-қимыл жүйесі бұзылған және ерекше қажеттілігі бар жандар тегін ем алады. Өңірде 25 мыңнан аса мүгедектігі бар адам тіркелген, олардың 3 мыңнан астамы - бала.
Альберт Талпахов, Оңалту орталығының директоры:
Облыстағы әлеуметтік-медициналық мекемелерде тұрып жатқан адамдар да осы жерден реабилитациядан өтеді. Қаладан келетін адамдар күндізгі жартылай стационарда таңертеңгі 8-ден кешкі 5-ке дейін ем-шараларын алады. Ал аудан-ауылдан келетін адамдарға жатын бөлмелер қарастырылған.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы