Атырау облысындағы атышулы қылмыс 15 томнан тұрады
Атырау облысының Жангелдин ауылында тұтас бір отбасын қырып тастаған қанды қылмысқа марқұмдардың қызы Ақбаянның қатысы жоқ. Бірақ прокурорлар оған қатысты өзге қылмыстық іс тергеліп жатқанын мәлімдеді. Ол қазір Атыраудағы психикалық денсаулық орталығында. Ал төрт бірдей адамды аяусыз өлтіріп, көміп тастады деп күдікке ілінген сол әулеттің бұрынғы күйеу баласы Сұлтан Сәрсемәлиев сотта 13 эпизод бойынша жауап бермек. Оның қылмыс барысында қолданған пышағы табылмаған. Жалпы тергеу органдары жан-жақты саралап, жинақтаған іс 15 томнан тұрады. Сот 18 мамырда басталады.
Жандар Болатбек, Атырау облысы
прокурорының көмекшісі:
Ақбаян Мұқанғалиеваның кісілерді, тұлғаларды өлтіру фактісіндегі қылмыстық құқық бұзушылығы анықталған жоқ. Өлтіру фактісіне қатыстылығы болмағандықтан ол жөнінде оған қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылып, яғни қылмысты хабарламау фактісі бойынша бөлек қылмыстық іс тіркеліп, ол бойынша құқықтық бағасы берілген жоқ. Ақбаян Мұқанғалиеваның күдікті ретінде іс әрекеті сараланбады. Оған қатысты бұлтартпау шарасы қолданылған жоқ.
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия пара ойындарында спортшыларымыз тағы төрт алтын алды
21.10.2026, 13:15
Амандасу әдебі – ұлттық мәдениеттің көрінісі
21.10.2026, 13:13
Жетісу облысының Көксай ауылында жаңа мектеп ашылды
21.10.2026, 13:12
Ақтөбе облысындағы Қарауылкелді теміржол вокзалы жаңартылды
21.10.2026, 13:10
Астанада кейбір үй балкондарына ту ілді
21.10.2026, 13:08
Парижде коменданттық сағат ұзартылды
21.10.2026, 13:07
Ресейде демографиялық дағдарыс күшейіп барады
21.10.2026, 13:05
Қазақстан ТүркПА елдеріне арналған Цифрлық кодексті әзірлеуді ұсынды
21.10.2026, 13:04