Астанада робототехникадан халықаралық чемпионат өтіп жатыр
Түркітілдес елдердің жас инженерлері Астанада бас
қосты. Олар «Robotek Grand Tournament Astana 2026»
халықаралық чемпионатында өзара бақ сынауда. Биыл жарысқа 9 бен 17 жас
аралығындағы жасөспірімдерден құралған 220-ға жуық қазақстандық және 45
шетелдік команда қатысып, 9 бағыт бойынша сынға түсіп жатыр. Чемпионат
Цифрландыру және жасанды интеллект жылының басты іс-шараларының бірі саналады.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар, дипломдар және серіктес жоғары
оқу орындарының білім гранттары табысталады. Сондай-ақ «Үздік ауыл командасы»,
«Үздік шетелдік команда», «Үздік инженерлік шешім» және «Үздік қыздар
командасы» номинациялары қарастырылған.
Жанар
Бейсембаева, «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және
қолдау орталығының басшысы:
Жеңімпаз атанған оқушыларға бағалы сыйлықтар және ең бастысы Қазақстанның бектке ұстар университеттерінің гранттары беріледі. Бұл Қазақстан Британдық университет, Алматы энергетика университеті және және Павлодардың Торайғыров университеті өз гранттарын беріп отыр.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан - онлайн қызметтер индексі бойынша үздік ондықта
23.08.2026, 23:17
Әлем елдерінің 60%-ы бір палаталы Парламент жүйесімен жұмыс істейді
23.08.2026, 23:12
Еңбек адамының қоғамдағы рөлі артып келеді
23.08.2026, 23:09
Тәуелсіз бақылаушылар: Сайлау үдерісі ұйымдасқан түрде өтті
23.08.2026, 23:08
Сайлаудағы ерекше сәттер
23.08.2026, 23:05
Бельгияда дауыс беру аяқталды
23.08.2026, 23:03
Алғашқы болып дауыс бергендерге ҚР Конституциясы сыйға тартылды
23.08.2026, 22:00
Зиялы қауым өкілдері өз таңдауын жасады
23.08.2026, 22:00