Басты Жаңалықтар Шахмат үздіктері 20 номинация бойынша марапатталды

Шахмат үздіктері 20 номинация бойынша марапатталды

Астанада шахматтан 20 номинация бойынша үздіктер анықталды. Оның ішінде ерлер және әйелдер арасындағы үздік спортшы, жас төреші, жылдың үздік жасөспірімі, үздік медиа серіктес сияқты номинациялар бар. Биыл алғаш рет номинациялар тізіміне «Білім берудегі шахмат» бағдарламасының мұғалімдері, сондай-ақ ерекше қажеттілігі бар спортшылар енді. Ұйымдастырушылар елімізде шахмат ойыны жай ғана хобби емес, толыққанды спорт индустриясына айналып, жаңа деңгейге көтеріліп келе жатқандығын алға тартады. Өткен жылдың өзінде отандық шахматшылар, оның ішінде жасөспірімдер, ересектер, ардагерлер мен әуесқой ойыншылар халықаралық жарыстарда 162 медаль жеңіп алған болатын. Ал, үш жыл ішінде Қазақстан әлемдегі жасөспірімдер құрамалары арасында 1-ші орынға табан тіреді. Бүгінде еліміздің барлық өңірінде 60 мыңнан астам бала мектеп бағдарламасы арқылы стратегиялық ойлауды меңгеруде.

Елназ Қалиахмет, «Жыл жасөспірім қызы» номинациясының иегері, Азия чемпионатының күміс жүлдегері:
Мен 2025 жылы әйелдер арасында Қазақстан чемпионатынан бірінші орын алдым. Чемпионат – ол деген Әлем кубогына жолдама береді. Екінші орын алғанмын. Жылдың нәтижелері бойынша мен осы номинацияларды алғанмын. Қазір ауылдарда да, үлкен қалаларда да шахматты енгіздіріп жатыр, көп балар қазір шахмат ойнауды біледі.


Бөлісу