Ел ішінде саяхаттайтын қазақстандықтардың саны артқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ел ішінде саяхаттайтын қазақстандықтардың саны артқан

09.12.2024

Ішкі туризм артып келеді. Биыл тоғыз айда 6 миллионға жуық адам ел ішінде саяхаттаған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 562 мың адамға артық. 2023 жылы бұл көрсеткіш 5,4 млн, ал 2022 жылы 4 миллион 858 мың болған еді.

Саяхатшылар көбіне Алматы, Астана қалалары мен Ақмола облыстарына жиі барған. Бұл - Туризм индустриясы комитетінің дерегі.

Қазақстанда туризм саласын мемлекеттік қолдау кеңейтіліп отыр. Биыл мемлекеттік қолдауға мақұлданған өтінімдер көлемі 3 есеге артты. Тек биылдың өзінде 37 туристік нысан мен 6 туристер тасымалдайтын автобусқа 2,1 млрд теңге мақұлданды.

Ал, жыл соңына дейін жалпы құны 120,4 млрд теңгені құрайтын 119 инвестициялық жоба аяқталмақ. Бұл 1 319 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

2024 жыл. Қаңтар-қыркүйек

5 млн 973 мың

2023 жыл. Қаңтар-қыркүйек

5 млн 400 мың

2022 жыл. Қаңтар-қыркүйек

4 млн 858 мың

Алматы

Астана

Ақмола облысы 


Хабарламаларға жазылу