TazaQazBot Telegram чат-ботына 4 мыңнан астам өтінім түсті
Экология және абаттандыру туралы шағымдарды тікелей хабарлауға мүмкіндік беретін TazaQazBot Telegram чат-ботына жыл басынан бері тұрғындар 4 мыңнан астам өтінім жіберген. Бүгінде олардың басым бөлігі орындалды, дейді Экология және табиғи ресурстар министрлігі. Тұрғындар аумақтарды тазалау, қоқыс шығару, жолдарды жөндеу, жарықтандыру, көгалдандыру және су айдындарын тазарту сияқты бағыттар бойынша шағым түсіре алады. Өтінім жолдау үшін Telegram қосымшасында чат-ботқа кіріп, авторизациядан өтіп, мәселенің фотосын тіркеп, нақты мекенжайын көрсетіп, қысқаша сипаттама қалдыру жеткілікті. Өтінім автоматты түрде тиісті органдарға жолданады. Былтыр чат-бот арқылы 26 мыңнан астам өтінім түсіп, оның 24 мыңнан астамы сәтті орындалған. Онда көбінесе аумақтарды тазалау бойынша шағымдар түсті.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы