ШҚО-да ардагерлер ұйымы есеп беру конференциясын өткізді
Ардагерлер ұйымы елімізде ең көп мүшесі бар ірі қоғамдық институтқа айналды. Тек Шығыс Қазақстан облысында қазір 13 қалалық, 471 аудандық бастауыш ұйым тіркелген. 125 мыңнан астам ардагер бар. Олардың қатарына екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері де кіреді. Шығыстағы ардагерлер кеңесінің жұмысы жүйелі жоспар негізінде жүзеге асырылып келеді. Соңғы бес жылда олар 5 пленум, 25 президиум отырысын өткізіп, 50-ден аса өзекті мәселені талқылаған. Денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамту, белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарының қызметіне қатысты ұсыныстар беріп, оң нәтижесін тапты. Бүгін Шығыс Қазақстан облыстық ардагерлер кеңесінің IX есептік-сайлау конференциясы өтті. Қоғамдық ұйым соңғы бес жылда атқарған жұмыстары бойынша есеп беріп, жаңа төраға сайлады. Жиын соңында белсенді жұмыс атқарған ардагерлерге облыс әкімі сый-сыяпат табыстады.
Нұрымбет Сақтағанов, облыс әкімі:
Мемлекет басшысы Президентіміз Қасым-Жомрат Кемелұлы Тоқаевтың сындарлы саясатын жергілікті жерде өздеріңіз арқылы жан-жақты насихаттап, үлкен қолдау білдіріп келеді. Ел көлемінде орнымыз бар. Шығыстың бастамалары үнемі қызу қолдауға ие болып отырады. Бүгінгі таңдағы еліміздің қарқынды дамып толағай жетістіетерге жетіп жатқаны уақытындағы сіздердің қажырлы еңбектеріңіз. Бүгінгі күні сіздердің бірлік, ынтымақ аясында жасап жатқан жұмыстарыңыздың нәтижесі.Айтқазы Шерубаев, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы:
Бір адамдай тілектерін білдіріп, Президенттің «Жаңа Қазақстан» жаңа саясатын жаңа Ата Заңымыздың біздің халқымыздың қамын ойлайтын заң екенін дәлелдеу үшін күндіз-түні аралап, жастармен де кезігіп, студенттермен, жұмысшылармен кезігіп, өзінің әріптестерімен де кездесті біздің ардагерлер. Сондай жұмыстар әлі алда атқарамыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы